top of page

Озық тәжірибе мектебі:

    Педагогикалық озат тәжірибе - оқыту мен тәрбиелеудің жоғары деңгейіне жеткен жаңашыл-педагогтардың өзекті шығармашыл тәжірибесі. В. И. Загвязинскийдің пікірі бойынша «ПОТ- қазіргі талаптарға жауап беретін, үнемі жетілдіріп отыруға мүмкіндіктер ашатын, үздік нәтиже беретін педагогикалық қызметтің үлгісі»
Педагогикалық озат тәжірибенің белгілері:
Бірінші белгісі – қоғам дамуының бағытына, әлеуметтік сұранысқа сәйкестігі. Озат мұғалімдермен білім беру ұйымдарының қызметкерлері өмір талабына сай жұмыс істеп, педагогикалық процесті жетілдірудің тиімді жолдарын табады.
Екінші белгісі - педагогикалық қызметтің тұрақты жақсы нәтижелері. Педагогикалық «өнім» - оқушылардың білім, іскерлік, дағдыларының, жалпы дамуының, тәрбиелілігінің деңгейі.
Үшінші белгісі – оқыту, тәрбие, дамуда тұрақты, жақсы нәтижелерге жету үшін мұғалімдер мен оқушылардың өз күштері және құралдарын орнымен жұмсауы. Оқушыларға шамадан тыс қосымша тапсырмалар беріп, басқа пәндерді меңгеруге зиян келтіріп, білім сапасына кітеретін тәжірибе озат тәжірибе деп есептелмейді.
Төртінші белгісі – жаңалық.
Педагогикалық озат тәжірибені тарату- әдістемелік жұмыстың стратегиясы, әдістемелік өнім. Педагогикалық тәжірибені зерттеудің кейбір жолдары бар. Олар: оқытушының өз тәжірибесін өзі зерттеп жинақтауы, педагогикалық еңбек шеберлерінің жұмыс жүйесін зерттеу және жинақтау; бір педагогикалық тақырып бойынша бірнеше оқытушылардың іс-тәжірибелерін зерттеу және жинақтау; жаңашыл оқытушылардың озат тәжірибесін тарату және оны оқу-тәрбие процесіне енгізу. Озат педагогикалық тәжірибе оқу – тәжірибе жұмысын үнемі дамытып және жетілдіріп отырады.

2023-04-17_16-33-37.png
bottom of page