КОЛЛЕДЖ КІТАПХАНАСЫ
Колледждің 1 ғимаратында арнайы жасақталған кітапхана қызмет атқарады. Кітапхананың ресми атауы: «Қызылорда медициналық жоғары колледжі кітапханасы». Кітапхана жұмысын ҚР БҒМ 2016 жылғы 19 қаңтардағы №44 бұйрығы негізінде ұйымдастырып, жүргізеді. Кітапхананың жалпы аумағы, т.м. 243,6, кітап қорының аумағы 108,2, оқу залындағы орын саны 40, кітап беретін пункт саны – 2. Кітап қорындағы барлық басылымдар саны (экз/аты) 88203, соның ішінде (СІ): электрондық басылымдар 620, қазақ тіліндегі кітаптар 35043 (экз./аты), медициналық кітаптар 35055 СІ: қазақ тілінде – 12056, Мед. Журналдар – 4 СІ: қазақ тілінде-1, оқулықтар - 41796, СІ қазақ тілінде – 25635, авторефераттар – 2, басқалар – 10726. Осы мәліметтерге сүйене отырып білім алушыларды оқытудың толық циклі үшін оқулықтармен және оқу-әдістемелік әдебиеттермен 92% қамтамасыз етілгендігін көруге болады. (қосымша22, 23) Кітапхана қорын жаңартуға жыл сайын бөлінетін қаражат көлемі кесте 1 көрсетілген.
Кітапханада интернет желісі 20 мб/с жылдамдықта жұмыс жасайды. Электрондық поштасы–kzmedicalcollege@mail.ru. Кітапханадағы компьютерлер саны – 12. Компьютерлендірілген анықтамалық-библиографиялық каталогы «Автоматтандырылған кітапханалық-ақпараттық жүйе - КАБИС» жұмыс жасайды, қазіргі таңда бұл бағдарламаның барлық модульдары жаңартылған. Сонымен қатар Оkulyk.kz сайтынан барлық оқулықтардың pdf түріндегі электрондық нұсқасы тартылып алынып, медициналық пәндер бойынша оқулықтар сканерден өткізіліп smart nation.kz порталына енгізілді. «Aknurpress» тарифі білім алушылар мен оқытушыларға арналған цифрлық оқулықтар мен оқу құралдары бар базаға онлайн қолдануға келісім-шартқа отырды. Барлық әдебиеттер қазақ, орыс, ағылшын, тілдерінде берілген және «Aknurpress»-тің cаll-орталығы арқылы техникалық қолдау көрсетіледі. Келісім шартқа 1 (бір) жылға отырып, 4234000,00 тенге (төрт миллион екі жүз отыз төрт мың тенге) көлемінде қаражат жұмсалды.