Атауы: Ғылыми-әдістемелік бөлім
Колледждің ғылыми - әдістемелік тақырыбы:
Сапалы құрылған күтілетін оқыту нәтижесі - білікті маман даярлау негізі.
Мақсаты:
-
Оқытушылардың күтілетін оқыту нәтижесін пәннің мазмұнына, тақырыптың ашылуы мен бағалау әдістеріне сәйкес қоя отырып ғылыми-әдістемелік потенциалын дамыту;
-
Білім алушылардың оқытудан күтілетін нәтижелерін қалыптастыру арқылы білімдерін тиісті кәсіби мәселелерін шешу үшін қолдануға, нәтижеге тиімді және оңтайлы мерзімде қол жеткізуге үйрету.
Жұмыстың басым бағыттары:
-
беру жағдайында педагогтердің педагогикалық, әдіснамалық құзыреттілігін арттыру;
-
педагогтардың шығармашылық ой-өрісін, кәсіби әлеуетін ашуды ынталандыру;
-
оқытушылардың сұранысына сәйкес оқу материалдарын, әдістемелік ұсынымдарды әзірлеу.
Міндеті:
♦ Колледжде МЖМББС талаптарына сәйкес жасалатын білім беру бағдарламаларын әдістемелік қамтамасыз ету;
♦ ҚР Білім және ғылым Министрлігінің, Денсаулық сақтау министрлігінің нормативтік, бағдарламалық-әдістемелік құжаттарын зерделеу;
♦ Оқытушылардың жаңа жұмыс жағдайындағы шығармашылық мүмкіндіктерін ашу, маман даярлаудағы озық тәжірибелерді зерттеу, жинақтау және тарату;
♦ Колледждегі оқу-әдістемелік жұмыстарды үйлестіру, оқытушы-студент- жұмыс беруші үшжақты байланысты жетілдіру.